Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Алматыда өтіп жатқан ел чемпионатында 15 метрді 5,41 секундта жүріп өтті.

Бұл сында әлемдік рекорд 5,48 секунд болатын. Демек қазақстандық спортшы әлем рекордынан асып түсті деген сөз. Қазір осы жетістікті ресми тіркеу туралы мәселе қарастырылып жатыр.