Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан біріншілігі басталды. Алғашқы күні жылдамдыққа жарысатын спортшылар арасындағы ел үздіктері анықталды.

Жылдамдық бойынша ерлер арасындағы жеңімпаздар:

1. Бекнұр Алтынбеков (Шымкент) 2. Әмір Маймұратов (Нұр-Сұлтан) 3. Роман Костюков (Алматы)

Жылдамдық бойынша әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

1. Әсел Марленова (Нұр-Сұлтан) 2. Тамара Олжабекова (Шымкент) 3. Оксана Монакова (Алматы)

Бүгін «қиындық» бойынша іріктеу турнирі аяқталды. Финалдық кезең ертеңге жоспарланған.