«Ордабасы» футбол клубы бас бапкер Кахаберу Цхададземен 2020 жылғы маусымның соңында қоштасады, деп жазады Prosports.kz.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Цхададзенің командадан кететіні әлдеқашан шешіліп қойды. Ол тіпті Қазақстан чемпионатында екінші орын алса да бұл шешім өзгермейді. Бұған клубтың қаржы директоры (іс жүзінде клубтағы басты адам) Бақтияр Байсейітовпен келіспеушіліктер себеп болып отыр.

Айта кетейік, шымкенттік команда 16 ойында 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Чемпионат көшбасшысы «Қайраттан» 14 ұпай қалып кеткен. Ал екінші орындағы «Астана» (27 ұпай) мен төртінші орындағы «Тобыл» (26 ұпай) «Ордабасыдан» бір ойын аз өткізген.

«Ордабасы» 16-турға дейін турнирлік кестеде ырықты орында тұрған. Бір жарым ай бойы жеңілмей жүрген (5 жеңіс, 2 тең ойын). Алайда соңғы турда «Тобылдан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, жүлдеге таласу мүмкіндігін қиындатып алды.

Младенов «Қайсарды» маусым соңына дейін жаттықтырудан бас тартты