ЦСКА ФК бүгін Ресей Премьер-лигасының 13-турында «Ротормен» ойнайды. Мәскеу армияшылары негізгі құрамын жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алаңға алғашқы минуттан шығатындардың арасында қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов та бар.

Айта кетелік, ол алтыншы матч қатарынан негізгі құрамда алаңға шығады.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады.