Италияның А сериясы клубтары коронавирус пандемиясына байланысты күрделі қаржылық проблемаларға тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Calciomercato мәліметі бойынша, А сериясындағы 20 клубтың 15-і ойыншыларына жалақы төлей алмай отыр. Көптеген клубтың маусым айындағы жалақы бойынша қарызы бар.

Жалақы төлеуді кейінге қалдыру қазіргі уақытта 16 қарашаға дейін созылған, бірақ желтоқсанға ауыстырылуы мүмкін.

Италия үкіметі футболшыларға салықты есептемегенде жалақы төлеуі үшін клубтарға салынатын салықтарды жоюы мүмкін екені де арагідік айтылып қалады.