Су добынан Қазақстан командасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.

Жиынға ерлер және әйелдер командасы қатыспақ. Қазан айының соңында басталған жиын желтоқсанға дейін жалғасады. Осы аралықта спортшылар жалпы физикалық дайындықты жақсарту үшін жұмыс істейді деп күтіліп отыр.