Бүгін, 1 қарашада «Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасы тұрақты маусымы аясында сырт алаңда «Зенит» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық команда чемпионат аясында өткізген үш матчтың екеуінде жеңіліп (УНИКС және «Автодор»), біреуінде ғана жеңіске жетті («Химки»). , үшінші кездесуде жеңіске жетті . «Астана» қазір турнирлік кестеде 9-орында тұр.

Ал Санкт-Петербург қаласының командасы алдыңғы кездесуін 9 қазанда өткізіп, Евролига аясында «Барселонаны» жеңді (74:70). Осы ойыннан кейін командада ойыншысынан коронавирус анықталып, «Зенит» карантинге кетті. Бірақ осы үзіліске қарамастан 4 матчта жеңіске жетіп «Зенит» ВТБ Біріккен лигасында көш бастап келеді.

«Зенит» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді.