Кәсіпқой рингтегі Қазақстан өкілі Фируза Шарипова (11-1, 6 КО) келесі жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Фируза Шарипованың жекпе-жегі 30 қазанда Мәскеуде «Крылья Советов» спорт кешеніндегі турнирде өтеді. Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы сербиялық Сара Маржанович (7-7, 3 КО) болады.

«Салмақ өлшедім. Жанымдағы адамдарға және мені қолдайтындарға көп рахмет. Ертең менің әлемге абсолютті Әлем Чемпионы атағын алу мақсатына тағы біршама жақындағанымды көрсететін тамаша күн болады!», - деп жазды Шарипова әлеуметтік желіде.

Фируза Шарипованың жекпе-жегі Qazsport телеарнасында тікелей эфирде Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да көрсетіледі.