Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингтегі барлық салмақ дәрежесі өкілдерінің жаңа орнын жариялады.

Назарларыңызға Қазақстан боксшыларының орнын ұсынамыз: Өте ауыр салмақта жұдырықтасатын Жан Кособуцкий IBO Inter-Continental чемпионы атағын сақтап қалды;

Иван Дычко 70-тен 67-орынға көтерілді; Руслан Мырсатаев үш саты жоғарылап, 80-орынға жайғасты. Бірінші ауыр салмақта Али Балоев 80-орыннан 69-ға көтерілді;

Еділ Қожамбердиев 92-ші болып үздік 100 боксшының қатарына қосылды. Екінші орта салмақ боксшысы Айдос Ербосынұлы бір саты жоғарылап, 17-ші болды;

Нұрзат Сабыров 26-орыннан 27-ге төмендеді; Али Ахмедов 33-орында тұр (29-да еді). Орта дивизионда отандық боксшылар бір сатыға төмендеген: Қанат Ислам 14-ші болды;

Мейірім Нұрсұлтанов – 21-ші, Жәнібек Әлімханұлы – 32-ші орынға түсті. IBO әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі. Бірінші орта салмақ өкілі Садриддин Ахмедов 40-тан 39-орынға жоғарылады; Мадияр Ашкеев 66-ны сақтап қалды. Жартылай орта салмақ боксшысы Данияр Елеусінов 37-қатарда қалды, Нұрсұлтан Жаңабаев – 64-ші (-2), Бобиржан Момынов – 74-ші (-4) орында тұр. Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев бұрынғыша 8-ші орында тұр;

Жанқош Тұраров 50-ден 48-ші қатарға көтерілді; Руслан Мадиев рейтингтің 97-ші орнында тұр. Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Виктор Коточигов 18 қатарға төмендеп, 58-ші орынға жайғасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақ рангі туралы табельде Сұлтан Зәуірбек бес орынға жоғарылап, 70-шы орында тұр.