Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жаттықтырушысы (9-0, 5 КО) Бадди МакГирт WBGR Sports Network подкасты эфирінде шәкіртінің өз салмағында ең үздік боксшылармен жұдырықтасуға дайын екеніне сенім білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жәнібек кіммен болса да, болса да орта салмақтағы кез-келген чемпионмен жұдырықтасуға дайын. Қарсыласы күшті болған сайын Жәнібек те күшті бола түседі. Оның оппозициясы неғұрлым мықты болса, ол да соғұрлым мықты», - дейді МакГирт.

Сондай-ақ, бапкер Жәнібек екеуі бір-бірін қаншалықты түсінеді деген сұраққа жауап берді: «Біздің арамызда тіл жағынан кедергі бар ма? Бокста тілдік кедергі жоқ (жымиып). Ол менің не қалайтынымды түсінеді және бұл жеткілікті».

Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісін 9 қазанда Лас-Вегаста өткізді

Instagram.com/janibek_alimkhanuly