Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (11-1, 6 КО) алдағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

«Салмақтың лимитіне түстім. Маған қолдау көрсеткен барша жанға алғысымды айтамын. Ертең керемет күн күтіп тұр. Әлемнің абсолютті чемпионы титулына тағы бір қадам жақындауға мүмкіндік болады», – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Фируза Шарипова 30 қазан күні Мәскеу төрінде Сербия боксшысы Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) жұдырықтасады.