Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы 27 қазанда ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 жастағы Инфантиноның ауруы жеңіл симптомды. Ол өзің он күнге оқшаулайды.

«Соңғы бірнеше күнде ФИФА президентімен байланысқа шыққан барлық адамдар тиісті ақпарат алды және қажетті шараларды қабылдауға шақырады.

ФИФА президент Инфантиноға тезірек сауығып кетуін шын жүректен тілейді» - делінген хабарламада.