Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Диего Марадона әлемнің үздік футболшылары саналатын Лионель Месси және Криштиану Роналду жайлы не ойлайтынын айтты.

«Мен үшін оларға тең келетін ешкім жоқ. Тіпті, олардың деңгейіне жақындай түсетін футболшыны көріп тұрғаным жоқ.

Ешкім олар істегеннің жартысын да жасай алмайды», – деді Марадона France Football басылымына берген сұқбатында.