Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Александр Бублик 49-орында тұр. Ал Михаил Кукушкин 89-дан 91-сатыға төмендеді. Ал Дмитрий Попко 172-орынға көтерілді.

Жұптық сында отандық теннисшілердің көрсеткіші өзгермеді: Кукушкин - 75-ші, Бублик - 87-ші, Андрей Голубев - 89-орында. Ал Александр Недовесов 139-орында тұр.

Ал үздік үштікке серб Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль мен австриялық Доминик Тим кіреді.