Ұлыбританиялық боксшы Әмір Хан UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Джастин Гейджиді жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әл-Хамду ли-Ллях, қандай карьера! UFC-дің ұлы файтері. Бауырым, біз сені мақтан тұтамыз. Болашақта құдай денсаулық пен бақыт берсін, бауырым», — деп жазды Әмір Хан Твиттер-парақшасында.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов UFC 254 турнирінде Гейджиді екінші раундта жеңген болатын. Кездесуден кейін ресейлік файтер карьерасын аяқтаған.