«UFC-дің ұлы файтері». Әмір Хан — Хабиб туралы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҰлыбританиялық боксшы Әмір Хан UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Джастин Гейджиді жеңгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әл-Хамду ли-Ллях, қандай карьера! UFC-дің ұлы файтері. Бауырым, біз сені мақтан тұтамыз. Болашақта құдай денсаулық пен бақыт берсін, бауырым», — деп жазды Әмір Хан Твиттер-парақшасында.
Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов UFC 254 турнирінде Гейджиді екінші раундта жеңген болатын. Кездесуден кейін ресейлік файтер карьерасын аяқтаған.