Ресей чемпионатының 12-турында «Ростов» - «Химки» матчы 0:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Резиуан Мирзов пен Брайан Идову Мәскеу облысының командасы сапында мергендік танытты. Екі гол да төрешінің екінші кезеңге қосқан уақытында соғылды.

«Химки» сапындағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат қосалқы құрамда қалды.