Бүгін, 25 қазанда Бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 12-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турда бірінші және екінші конференцияда көш бастап келе жатқан қос команда «Ақтөбе» мен «Атырау» кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

«Ақтөбе» Павлодарда «Екібастұзды» 1:0 есебімен жеңді. Ал «Атырау» Шымкентте «Шахтер-Болаттан» 3:2 есебімен басым түсті.

Осы жеңістерінен кейін қос команда да 10 турда 26 ұпай жинап, екі тур бұрын Премьер лигаға жолдама алды.