Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (13-0) UFC-дегі алғашқы дебютін 254-ші турнирде өткізді. «Номад» СЭ берген сұхбатында жекпе-жектің қалай өткенін, сондай-ақ промоутердегі екінші жекпе-жектің әлеуетті қарсыласы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz

Абу-Дабидегі турнирде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездесті. 32 жастағы Оливейраға қарсы жекпе-жек бірінші раундта жерлесіміздің жеңісімен аяқталды.

«Оливейра шапшаң, менің соққыларымды күткен жоқ. Оливейра - бес жыл ішінде 18 UFC жекпе-жегін өткізген өте шебер файтер. Шайқасты тезірек аяқтағым келді. Бұрын айтқанымдай, егер қарсыласым қателік жіберсе, мен оны пайдаланып қаламын. Қашан да іштей өзімді үш раундтық жекпе-жекке дайындаймыз. Ешқашан босаңсуға болмайды.

Мен Дональд Серронмен төбелесуге қарсы болмас едім. Мұндай жекпе-жек барлық көрермендерге қызықты болады деп ойлаймын. Ол өте тәжірбиелі сарбаз. Қазір демалып, отбасымды көргім келеді », - деп қорытындылады файтер.