The Ring журналы барлық салмақтағы үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп жазады Prosports.kz сайты.

Көш басында мексикалық Сауль Альварес тұр. Екінші сатыға жапон боксшысы Наоя Иноуэ жайғасқан. Үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түйіндеп тұр.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік ондықтағы орнын сақтады, алайда бір сатыға төмендеп, сегізінші орынға тұрақтады. Ал Теофимо Лопестен жеңілген Василий Ломаченко жетінші сатыға төмендеді.The Ring тұжырымы бойынша P4P рейтингі:1. Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО)2. Наоя Иноуэ (19-0, 16 КО)3. Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО)4. Александр Усик (17-0, 13 КО)5. Эррол Спенс (26-0, 21 КО)6. Теофимо Лопес (16-0, 12 КО)7. Василий Ломаченко (14-2, 10 КО)8. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО)9. Хуан Франсиско Эстрада (40-3, 27 КО)10. Артур Бетербиев (15-0, 15 КО).