24 қазаннан 25 қазанға қараған түні Ункасвиллде (Коннектикут, АҚШ) кәсіпқой бокс турнирі өтеді, оның басты кездесуінде жартылай орта салмақтағы боксшылар ресейлік Сергей Липинец (16-1, 12 КО) пен Канада өкілі Кастио Клейтон (18-0, 12) кездеседі.

Халықаралық жартылай орта салмақтағы IBF титулы сарапқа салынады. Жекпе-жек қарсаңында спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Нәтижесінде спортшылар бірдей салмақ - 66,7 келіні көрсетті.

Жекпе-жектің жеңімпазы IBF титулының толық иегері Эррол Спенске ресми қарсылас болады.

Естеріңізге сала кетейік, Липинец жартылай орта салмақта әлем чемпионы белбеуіне иелік етіп, Майки Гарсиямен болған жекпе-жекте титулдан айырылды. Липинец Қазақстанның тумасы - ол Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылында дүниеге келген