Қазақстан тумасы IBF титулы үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз24 қазаннан 25 қазанға қараған түні Ункасвиллде (Коннектикут, АҚШ) кәсіпқой бокс турнирі өтеді, оның басты кездесуінде жартылай орта салмақтағы боксшылар ресейлік Сергей Липинец (16-1, 12 КО) пен Канада өкілі Кастио Клейтон (18-0, 12) кездеседі.
Халықаралық жартылай орта салмақтағы IBF титулы сарапқа салынады. Жекпе-жек қарсаңында спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Нәтижесінде спортшылар бірдей салмақ - 66,7 келіні көрсетті.
Жекпе-жектің жеңімпазы IBF титулының толық иегері Эррол Спенске ресми қарсылас болады.
Естеріңізге сала кетейік, Липинец жартылай орта салмақта әлем чемпионы белбеуіне иелік етіп, Майки Гарсиямен болған жекпе-жекте титулдан айырылды. Липинец Қазақстанның тумасы - ол Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылында дүниеге келген