Кеше Сауд Арабиясы чемпионаты аясында «Аль-Файсали» мен «Аль-Батин» арасында ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель де матчқа қатысып, 90 минут бойы ойнады. Жерлесіміз командасының қарсыластан басым түсуіне түбегейлі үлес қосты. Жеңісті доп соғылған сәтте әріптесіне нәтижелі пас берді.