Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында жаңа маусымдағы алғашқы матчын өткізді. Екінші турда жерлесіміз намысын қорғайтын «Әл-Айн» командасы «Шабаб Әл-Ахли» (Дубай) ұжымымен 1:1 тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

56-минутта есепті Исламханның командаласы - шабуылшы Кожо Лаба ашты. 75-минутта Юсеф Джабер жауап голын соғып, қорытынды есепті тіркеді.

Исламхан кездесді қосалқы құрамда бастап, ойынның 44-минутында алаңға шықты. Бауыржан үшін бұл «Әл-Айн» сапында жаңа маусымдағы алғашқы ойын. Қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірінші турдағы матчқа қатыса алмады.