«Барселонаның» орталық қорғаушысы Жерар Пике жаңа стадионға каталониялықтардың қазіргі капитаны Лионель Мессидің атын қою керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Клуб тарихындағы ең үздік футболшының өзін тыңдата алмағаны үшін, командадан кеткісі келгені қалай? Бұл қалай болғаны? Лео ең жақсыға лайық. Жаңа стадион оның есімімен аталуы керек. Біз өз адамдарымыздың беделін түсірмей, оларды қорғауымыз керек. Гвардиола, Хави, Пуйоль және Вальдес сияқты адамдардың клубта жұмыс істемейтіні мені таңқалдырады. Бұл дұрыс емес», - деп келтіреді Пикенің сөзін ESPN.

Өткен жазда 33 жастағы Месси Барсамен келісімшартты біржақты бұзуға тырысқан, бірақ клуб бұған жол берген жоқ.