Италиялық атақты футбол жаттықтырушысы Марчелло Липпи мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы аңыз бапкер өзі ресми мәлімдеме жасады.

«Енді жаттықтырушы болып жұмыс істемейтінім анық. Мүмкін басқа тұрғыда пайдалы жұмыстар атқаратын шығармын», - деді 72 жастағы Липпи.

Айта кетейік, Липпидің жаттықтырушы ретінде басты жетістігі ретінде 2006 жылы Италия құрамасымен әлем чемпионатын жеңіп алғанын айтуға болады. Сонымен қатар ол «Ювентуспен» 5 мәрте Италия чемпионатында топ жарды және 1996 жылы Чемпиондар лигасына чемпион боды.