Бүгін Еуропа лигасының 1-турында австриялық «Вольсбергер» мен мәскеулік ЦСКА арасында матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында «армияшылардың» намысын қорғайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов алаңға шығуы мүмкін. Соңғы үш матчта жерлесіміз сол қапталдағы қорғаушы ретінде өзін жақсы қырынан көрсетіп, бас бапкер Виктор Гончаренконың сеніміне ие болды.

К тобында ЦСКА-мен голландиялық «Фейеноорд» пен загребтік «Динамо» да ойнайды.

«Вольфсбергер» - ЦСКА матчының тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 0:55-те басталып, QazSport телеарнасында көрсетіледі.