Мюнхеннің «Бавариясы» Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 1-тур матчында мадридтік «Атлетиконы» 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша немістер қатарынан 12 жеңіске қол жеткізіп отыр.

Бұл Чемпиондар лигасындағы рекордтық көрсеткіш. Неміс клубы соңғы рет 2019 жылғы 13 наурызда 1/8 финалда «Ливерпульден» 1:3 есебімен жеңілген еді.

Чемпиондар Лигасы тарихындағы ең ұзақ жеңісті сериялар:

- «Бавария» - 12- «Бавария» - 10- «Реал Мадрид» - 10- «Барселона» - 9- «Барселона» - 9