Бүгін, 20 қазанда 2020/2021 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лиасы басталды, деп жазады Prosports.kz.

Биылғы маусым «Динамо Киев» - «Ювентус» және «Зенит» - «Брюгге» матчымен басталды.

Украина жерінде өткен G тобындағы «Динамо Киев» - «Ювентус» кездесуі 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Туриндік команда сапынан қос голды да Мората соқты.

«Динамо Киев» - «Ювентус» - 0:2 Гол соққандар: 0:1 – 46' Мората, 0:2 – 84' Мората

Ал Ресейде өткен F тобындағы «Зенит» - «Брюгге» матчында да қонақтар жеңіске жетті. Бұл ойын 1:2 есебімен аяқталды.

«Зенит» - «Брюгге» - 1:2 Гол соққандар: 0:1 — 63 Деннис, 1:1 — 74 Хорват (автогол), 1:2 — 90+3 Де Кетеларе.

Айта кетейік, 21 қазанға ауған түні тағы 6 матч өтеді.