Францияның беделді France Football тарихтағы үздік орталық шабуылшы атағына үміткер 10 футболшының есімін жариялады.

Үміткерлер қатарына мына футболшылар енді: Деннис Бергкамп, Йохан Кройфф, Марко ван Бастен (бәрі Нидерландтан), Кенни Далглиш (Шотландия), Эйсебио (Португалия), Шандор Кочиш (Венгрия), Герд Мюллер (Германия), Ромарио, Роналдо (Бразилия), Джордж Веа (Либерия).

Басылым тарихтағы үздік футболшылардың құрамасын жасақтауды жоспарлап отыр. Дауыс беруге футбол мамандары қатысады.