Конькимен жүгіруден 2023 жылғы әлем чемпионаты Нидерландтың Херенвен қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) баспасөз қызметі мәлімдеген. Әлемдік дода Херенвенде төртінші рет өткелі отыр.

Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты ISU конькимен жүгіруден әлем кубогінің төрт кезеңін кейінге қалдырды.