Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты өткізілмейтінін мәлімдеді.
Мәнерлеп сырғанаудан жылдың ең маңызды додасы 2021 жылдың 8-14 ақпан күндеріне жоспарланған болатын. Австралияның Сидней қаласына жоспарланған жарыстың өткізілмеуіне коронавирус пандемиясы себеп болған.
Айта кетерлігі, осыған дейін ISU шорт-трек пен конькимен жүгіру бойынша төрт құрлық чемпионатын өткізбейтінін хабарлаған болатын.
Комментарии