Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) ски-кросстан Италияның Сан-Кандидо аймағындағы әлем кубогы кезеңін өткізбеуді ұйғарды.

18-20 желтоқсанға жоспарланға жарыс коронавирус індетінің салдарынан өткізілмейді.

«Мұндай шешімді қабылдау ұйымдастыру комитетіне оңай соққан жоқ. 2021 жылы қайта ораламыз деп уәде береміз» - деді әлем кубогы кезеңінің басшысы Хельмут Сенфтер.

Айта кетелік, бұған дейін FIS тау шаңғысынан АҚШ пен Канададағы әлем кубогы кезеңдерін індетке байланысты кейінге шегерген болатын.