«Қайрат» коронавирус жұқтырған Нұрәлі Әліп пен Сұлтанбек Астановтың хал-жағдайы туралы мәлімдеді.

– Нұрәлі Әліп пен Сұлтанбек Астанов ұлттық құрама сапында болғанда тапсырған COVID-19 тестінде оң нәтиже көрсетті.

Қазір футболшылар ұлттық құрама мен алматылық командадан оқшауланды. Футболшылардың денсаулығы жақсы, дәрігерлердің қарауында, - деп жазды клуб.