14 қазаннан 15 қазанға қараған түні Минскіде УЕФА Ұлттар лигасының 4-турында Қазақстан құрамасы мен Беларусь құрамасы кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

С дивизионының 4-тобындағы турнирлік жағдай аса шиленісті болып тұр. Топтағы 4 команда да 3 ойында 4 ұпай жинады. Бірақ Қазақстан қосымша көрсеткіштер бойынша топта бірінші орында тұр.

Қазақстан құрамасы 2009 жылдан бері Беларусьпен 4 мәрте кездесті. 2010 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екі ойында да жеңілдік. 1:5 және 4:0 есебімен тіркелді. Одан кейін жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең түстік. Ал жақында ғана Алматыда біздің құрама 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Беларусь - Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 0:45-те басталады. Ойынды QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан - Албания матчында гол соғылған жоқ

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының қарсыластары тең тарқасты