Қазақстан футбол федерациясы футзалдан ел чемпионатының басталатын уақытын белгілеп, күнтізбені бекітті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Ел бірінші екі айналымға бөлінген. 25 қазан күні басталатын І айналым Щучинск пен Қарағанды қалаларында өтеді. Ал ІІ айналым 18 қараша - 1 желтоқсан күндері аралығында Нұр—Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Щучинск және Рудный қалаларында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, жақында Қазақстан Кубогы аяқталып, «Қайрат» 16-ші мәрте жеңіске жетті.