«Барселона» футзалдан Чемпиондар лигасының финалында «Мурсияны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Каталониялықтар сапында Диего мен Айкардо гол соқты. Осылайша, «Барселона» тарихында үшінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр.

Еске салайық, турнирдің жартылай финалында испаниялық командалар ресейлік клубтар КПРФ пен «Тюменьді» жеңген болатын.