World Taekwondo әлемдік жарыс күнтізбесіне тағы да өзгеріс енгізді. Кейінге шегерілген жарыстар қатарына Grand Slam сериясындағы турнир де енді.

Аталған бәсеке биылғы желтоқсанда Қытайдың Уси қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, басшылық ақылдаса келе, жарысты 2021 жылға қалдырған.

Әзірге турнирдің нақты қай қалада өтетіні туралы хабарланған жоқ.