Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы «пумсені» дамыту мақсатында жаңа қосымша іске қосылғанын мәлімдеді.

World Taekwondo AR Textbook қосымшасы пумсе жанкүйерлеріне үйде отырып-ақ, спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

«Коронавирус індеті бүкіл әлемге тарап, барлық спорттық жарыстар тоқтатылған кезде бұл оқулық көпшілікке таптырмас құрал болары анық.

Сондай-ақ, бұл таеквондоның ел ішіндегі беделі мен танымалдығын арттыруға көмектеседі», - дейді World Taekwondo президенті Чо Чжонвон.