Қазақстан Теннис Федерациясы Нұр-Сұлтан қаласында жүлде қоры $275,000 болатын ATP 250 "AstanaOpen" кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізу құқығына ие болды.

Турнир 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қараша аралығында өтеді және әлемдік рейтингтің бірінші жүздігінің 60-тан астам қатысушысын жинайды. Әлемнің ең мықты теннисшілері, атап айтқанда, Бенуа Пер (26), Адриан Маннарино (39), Джон Миллман (43) жарысқа қатысатынын растады.

Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Александр Бублик (49), Михаил Кукушкин (88) және Дмитрий Попко (171) кортқа шығатын болады.