Окландтағы қаңтар айында өтуі тиіс аралас турнир коронавирустың кесірінен өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Жарыс директоры Карл Бадждың айтуынша, ұйымдастырушылар турнирді өткізу үшін барлық мүмкіндікті жасады, бірақ карантин және Жаңа Зеландия үкіметі енгізген басқа шектеулерге байланысты бұл міндет мүмкін болмай қалды.

Еске салайық, 2020 маусымда ерлер турнирінің жеңімпазы француз Уго Хумберт, әйелдер арасында - Серена Уильямс болды.