«Барселона» коронавирус пандемиясының салдарынан табысының басым бөлігінен айырылып, қаржылай қиындыққа тап болды.

Маусым қорытындысы бойынша, «Барселона» 97 миллион еуро табысынан айырылған. Жаңа маусымда каталониялық команда жағдайдың бұдан да қиындай түсетінінен қауіптеніп отыр.

Осының алдын алу үшін «Барселона» футболшыларының жалақысын қысқартуды қарастырып отыр. Алайда футболшылар бұған қалай жауап қататыны белгісіз.