Неміс футболшысы мансабын Нидерланды біріншілігінде жалғастырады.

ПСВ ресми сайтында жартылай қорғаушы Марио Гетценің трансфері туралы хабарлады. Тараптар 2 жылдық келісімшартқа отырды. Жаңа клубта футболшы 27-ші нөмірде ойнайды. Гетце еркін агент мәртебесінде жаңа клубқа ауысты.

Жазда 28 жастағы жартылай қорғаушы Дортмундтың Боруссиясынан кеткен еді .