«Ювентус» өзінің ресми клубтық сайтында «Фиорентина» сапында ойнаған Федерико Кьезаның трансфері туралы жариялады. «Қарт сеньора» сатып алу міндеттемесімен ойыншыны 2 жылға жалға алды.

Transfermarkrt порталының хабарлауынша, «Ювентус» Кьезаның 2 жылға жалға алғаны үшін «Фиорентинаға» 10 миллион еуро төлейді. Мәлімет бойынша, «Ювентус» ойыншының төлемі үшін тағы 40 миллион төлеуі керек.

Кьеза - «Фиорентинаның» түлегі және Италияның басты жас таланттарының бірі. 22 жастағы вингер осы маусымда А сериясында 3 ойын өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.