«Эвертон» шабуылшысы Мойзе Кин карьерасын «Пари Сен-Жерменде» жалғастырады. 20 жастағы футболшы париждік клубқа жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Франциялық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, италиялық форвард келісімшарт бойынша 2021 жылдың 30 маусымына дейін ПСЖ-да ойнайды. Келісімде футболшыны сатып алу шарты қарастырылмаған.

Футболшы жаңа клубында 18-нөмірмен ойнайды.