Испания Примерасының 5-турында «Барселона» мен «Севилья» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:1 есебімен аяқталды. Есепті қонақтар ашты. 8-минутта Люк де Йонг гол соқты. Араға екі минут салып Фелипе Коутиньо есепті теңестірді.

Осылайша, бұған дейін ұпай жоғалтпаған «Барселона» мен «Севильяда» 7 ұпайдан бар. Командалар мадридтік «Реалдан» үш ұпайға қалып тұр, бірақ бір ойын аз өткізген.