Қазақстандық Ян Вороговский ойнайтын «Беерсхот» Бельгия чемпионатының 8-турында «Генттен» 1:5 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Гент» сапында Роман Яремчук пен Лоран Депуатр дубльден жасады, тағы бір голды Матисс Самуаз соқты. Қонақтар матч соңында Исмаил Кулибалидің голымен жауап қата алды.

Вороговский бұл матчқа қатысқан жоқ.

Осылайша, «Гент» 9 ұпаймен 11-орынға көтерілді. Ал «Беерсхот» 15 ұпаймен үшінші орында келеді.