WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Олег Маскаев «Абай» кеніне түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жас кезінде боксшы осы кенде слесарь болып жұмыс естеген. Ресейлік шахтаға Олимпиада чемпионы Сергей Котенкомен бірге түсті. Сонымен қатар, спортшылар Маскаев мансабын бастаған бокс мектебінде қонақта болды.

Естеріңізге сала кетсек, Олег Маскаев 17-21 желтоқсан арасында Қарағандыда өткен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан ХХХІ халықаралық турнирге қатысқан болатын.

Inform.kz сайтының материалы бойынша