Геннадий Головкин – Мартин Мюррей жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBC белбеуіне таласады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы allboxing.ru. порталы жазады. Қазақстандық боксшы мен британдық былғары қолғап шебердің кездесуі 21-ші ақпан күні Монте-Карлода өтеді.

Қазіргі таңда, WBC белбеуі пуэрторикандық боксшы Мигель Коттода. Оның келесі кездесуі 2-ші мамыр күні Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін.  

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин қос боксшыменде жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.