Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегіне дейінгі көңіл-күйімен бөлісті. 9 қазанда Лас-Вегаста оған «Сиқыршы» лақап атымен танымал аргентиналық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) қарсылас болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен рингке ұзақ уақыт бойы шықпадым және оралуға асықпын. Бадди Макгиртпен және спарринг-серіктестермен тамаша жаттығу лагерін өткіздім. Бұл менің жақын аралықта өтетін әлемдік титулдық жекпе-жекке дайындықтағы келесі қадам. Өз жанкүйерлеріме қазақ стильін көрсету үшін 9 қазанды асыға күтемін», - деп мәлімдеді 27 жастағы қазақстандық боксшы Badlefthook.com сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Top Rank промоутерлік компаниясы Әлімханұлы қатысуымен өтетін жекпе-жекті ресми жариялады.